×

Павлодарда еріп кеткен мұз қалашығы қалпына келтіріле бастады

Біз мердігермен бірге тағы мұз жинап қойдық, – деді қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы

 Дастан Жұмабекұлы 28.12.2023 | 12:21
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда 55 млн теңгеге салынып, еріп кеткен мұз қалашығы қалпына келтіріле бастады.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, жауын мұз құрылыстарының небәрі 2-3 пайызын ғана бұзған.

Мұз қалашығы иллюминация, фотоаймақ, кіші архитектуралық формалар, светодиодтық шамдар секілді әртүрлі материалдардан жасалған нысандардан тұрады. Барлық жұмысқа 52 миллион теңге бөлінген еді. Қаражаттың барлығы игерілген. Элементтердің бір бөлігі ғана (сырғанақ табандары мен лабиринт) мұздан жасалған. Жауын соңғысына нұқсан келтірген. 

Мұз қалашығы бойынша жұмысты 5 желтоқсанда бастадық. Оны 22 желтоқсанда бітірдік. Қазір күннің күрт жылынуынан бізде бір-екі элементтің мұзы еріді. Мердігермен бірге тағы мұз жинап қойдық. Ауа температурасы -5-10 градусқа дейін түскенде бәрі орнына келтіріледі, – деді қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Гизат Смайылов. 

Мұз қалашығы аумағында қатты соққан жел шыршаны құлатқан еді. Жаңа жылдың бас символы қазір орнына қойылған. Бірте-бірте басқа да қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама