×

Пара Азия ойындарының эмблемасы мен ұраны таныстырылды

Параазиада 2026 жылдың 18-24 қазаны аралығында Жапонияда болады

 Дастан Жұмабекұлы 28.12.2023 | 10:30
Фото: wikibrief.org

2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Пара Азия ойындарының символы белгілі болды.

Эмблема мен ұранды таныстыру рәсіміне Азия Паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашед пен ұйымдастыру комитетінің басшысы Хидеаки Омура қатысты. Олар тұсаукесер рәсімінде Пара Азия ойындарының символы мен ұраны мыңдаған адамдар мен параспортшылардың бірлігін, олардың бір мақсат төңірегінде топтасқанын және жарқын болашақта бірге өмір сүруге деген талпынысының үйлесімділігін айқын көрсеткенін атап өтті.

Пара Азия ойындарының ұраны «Бір жүректі елестету» деп аталады.

Еске сала кетсек, 2026 жылдың 18-24 қазаны аралығында Жапонияда өтетін Пара Азия ойындарына 18 спорт түрінен 45 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама