×

Динара Сатжан, Асхат Тағыберген және Мейрамбек Беспаев биыл қандай жетістікке жетті - челлендж

Тележүргізуші Әйкерім Есенәлі жаңа челлендж бастады

 Халық үні 27.12.2023 | 20:40
фото: Instagram/yessenali_aikerim

Белгілі тележүргізуші Әйкерім Есенәлі жыл соңында челлендж бастады. Жаңа челендж мақсаты - жылды қорытындылап, әрбір адам өз жетістіктерімен бөлісу. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Мен осы жылы Ақпарат саласының үздігі медалін кеудеме тақтым. Медиа саласындағы 23 жылдық еңбегім үшін «Ерен еңбегі үшін» наградасын алдым. «Өмір көркем» бағдарламасында 500-ден аса адаммен сұхбат құрдым, «Сөзің өтімді болсын» курсында да жақсы көрсеткіш байқалады. Қызымның жетістіктері де қуантады, ол бірнеше халықаралық байқауда топ жарып қуантып жүр. Барды бардай атап өтетін бейбіт жылдың өткеніне шүкір,- деді журналист

Журналист өткенімізге өкінбей, ертеңімізге үміт артып, қуат жинау үшін өз нәтижелеріңізді қадірсіз қалдырмау керек екенін атап өтті.

Өткен күнге көз жүгіртіп, оқырмандарға жетістіктерін бөлісу үшін Әйгерім эстафетаны әріптесі, сән саласында тәжірибесі бар Динара Сәтжанға, отандық футболды алға сүйреуге атсалысып жүрген Асхат Тағыберген мен жақында радио ашқан әнші Мейрамбек Бесбаевқа жолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама