×

Қостанай облысында боранда әжесі мен немересі жоғалып кетті

Жоғалғандар жайында әлеуметтік желіде хабарланды

 Халық үні 26.12.2023 | 22:28
фото: el.kz

Кейуана мен баланы іздеуге жергілікті құтқарушылар жұмылдырылды. Жоғалғандар жайында әлеуметтік желіде хабарланды, деп хабарлайды Kazinform

26 желтоқсан таңғы сағат 7.00 шамасында Степной елдімекенінде 58 жастағы әйел мен 11 жасар қыз жолай өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып мінеміз деп үйден шығып кеткен.

Содан бері қайда жүргені белгісіз. Олар Тобыл қаласын бетке алған еді. 

«Іздеу-құтқару жұмысына еріктілер, полиция, әкімдік қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылған. Бұл іске 2 квадроцикл тартылды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», — деп хабарлады Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл жұмысты қолайсыз ауа райы да қиындатып отыр. Бүгін Қостанай облысында қарлы боран соғып тұр. 

Бұрқасында қар құрсауында қалған адамдар жылыту пунктіне жеткізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама