×

17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздардың ауылына барған журналист тосын жайтқа тап болды

Журналист әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын жариялады

 Халық үні 26.12.2023 | 21:35
Фото: massaget.kz

Түркістан облысында ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған апалы-сіңлілі қыздарды қамқорлығына алып, олардың ісін зерттеумен айналысып жүрген «Көреміз» бағдарламасының түсірілім тобы Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдер қаласына барып, тосын жайтқа тап болды.

Бұл жолы қыздардың аға-жеңгесіне қатысты қандай іс қозғалатынын білу мақсатында барған бағдарлама жүргізушісі Руслан Өтепбай тосын жайтқа тап болған. Журналист әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын жариялады.

Алматыдан Шәуілдірге шұбатқа емес, сұхбатқа шөлдеп барғанымыз айдан анық! Шұбат пен жел сөзге тойғанымыз жетер. 17 жылдық құлдықтың қамытында болған қос қарындасымыздың құқығы жоғары түрде қорғалуға тиіс.

Бұл істі Қазақстан Республикасының Бас прокоруры Асылов Берік Ноғайұлы өз назарына алар деген сеніміміз мол. Осы видеоны әлеуметтік желіде таратып, Құндыз бен Назгүлге бірге араша болайық!» - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама