×

Daihatsu компаниясы көлік шығаруды тоқтатады

Жапонияда төрт зауыт жабылады

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2023 | 16:33
Фото: lenta.ru

Жапондық көліктер шығаруға маманданған Daihatsu компаниясы мемлекеттік сертификат алу кезінде сынақ құжаттарын бұрмалау салдарынан өзінің барлық зауыттарының жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

NHK телеарнасының хабарлауынша, компанияның Жапонияда төрт зауыты бар. Олар келесі дүйсенбіден бастап жұмысын тоқтатады. 

Бұл шешім 64 үлгідегі есепке алынбаған 174 ақаудың табылуымен байланысты болған. Сондықтан компания барлық модельдерді сатуды тоқтату туралы шешім қабылдады, – делінген хабарламада.

Былтыр Daihatsu 920 мың автокөлік шығарды. Сондай-ақ компания 400 тұтынушы компанияға өтемақы төлеуді қарастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама