×

Жасөспірімдер турниріне 20 жастан асқан теннисші қатыспайды

Жас спортшыларға бір жылда 100 және 125 санаттағы 8 «Челленджер» жарысында ойнауға да мүмкіндік беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 25.12.2023 | 14:19
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

ATP жасөспірімдер турнирі финалының ережелеріне енген кейбір өзгерістерді жариялады.

Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап жасөсіпірімдер жарысына 20 жастан асқан теннисшілер жіберілмейді. Осы уақытқа дейін 21 жасқа толған теннисшілерге турнирге қатысуға рұқсат берілген еді.

Сондай-ақ ТОП-350 рейтингінде тұрған 20 жасқа дейінгі теннисшілерге де ұйым тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Оларға бір жылда 100 және 125 санаттағы 8 «Челленджер» турнирінің негізгі қорытындысына шығуға кепілдік беріледі.

ТОП-250 тізіміне енген 20 жасқа дейінгі теннисшілерге бір ATP-250 турнирінің және екі ATP-250 турнирінің іріктеу жарысының негізгі ойынында ойнауға қосымша кепілдік беріледі. Бұл ережелер бір аптада үш немесе одан көп ATP турнирлері өткізілетін апталарда ғана қолданылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама