×

Пойызда жауынгер жүрегі сыр берген жолаушының өмірін сақтады

Науқас әйелдің жағдайы қайғылы аяқталуы мүмкін еді

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2022 | 12:19
коллаж: Halyq Uni

Атырау-Алматы бағытындағы пойызда Абылай Убайдуллаев есімді қатардағы жауынгер жолаушылардың бірі есінен танығанын естіп, көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды.

Бұл туралы Facebook-те әнші Александр Цой хабарлады. Ол жүрегі сыр берген жолаушыға жауынгерлердің бірі шұғыл көмек көрсетіп, аман алып қалғанын жазды.

Қатардағы сарбаз әскерге шақырылғанға дейін жедел жәрдемде жұмыс істеген екен. Кейін есін жиған әйелді вокзалдан Махат ауылының орталық ауруханасына алып кеткен. Дәрігер Рүстем Жалғасбайдың айтуынша, науқас әйелге дер кезінде көмек көрсетілмегенде, барлығы қайғылы аяқталуы мүмкін еді, - деді ол.

Одан әрі ол жазбаның астына қалдырған пікірінде Абылай Убайдуллаев сияқты азаматтарға құрмет көрсетілуі керектігін, осындай ер жүрек адамдардың аттары ғана еліміздің тарихында алтын әріппен жазылатынын атап өтті.

Бұдан басқа желі қолданушылары жолаушының өмірін сақтап қалған жас жауынгерге тілектерін жазып қалдырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама