×

Ақтөбе облысында инвестор 1,5 жыл бойы инвестициялық жобаны іске асыра алмай келген

Ол бір кәсіпорынға 45 млрд теңге құйған

 Динара Амантай 25.12.2023 | 10:53
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында инвестор 1,5 жыл бойы инвестициялық жобаны іске асыра алмай келген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, «Қазгеоруд» ЖШС Хромтау ауданында 45 млрд теңге инвестицияны қамтитын мыс және мырыш өндіру бойынша «Лиманное» кен орнын игеру ірі жобасын іске асырып жатыр. Бір жарым жыл бойы инвестордың жол құрылысына жер учаскесі бөлінбегендіктен, жобаны іске асыруға мүмкіндігі болмаған.

Жол салу қажет болған аумақ 18 шаруа қожалығының жер учаскелері арқылы өтіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге келіспейтінін білдірген.

Прокуратураның үйлестіруімен аудан әкімдігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар шаруа қожалықтарының басшыларымен аталған жер учаскелерін сатып алу бойынша келіссөздер жүргізді. Оның нәтижесінде, инвестор мен қожалық иелері арасында келісімге қол жеткізіліп, қажетті жер учаскелері мемлекет жер қорына қайтарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бүгінде жер комиссиясының оң қорытындысымен автожол салу үшін аталған жер учаскелерін беру туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама