×

Елімізде 3 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй апатты жағдайда – министр

Әбден тозығы жеткен нысандар әсіресе Алматыда көп

 Халық үні 23.12.2023 | 22:35
фото: egemen.kz

Елімізде 3 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй апатты жағдайда. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

Ведомства мәліметінше биыл 54 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй тексеруден өткен. Сөйтіп оның 3 мыңы тұруға жарамсыз, апатты деп танылған.

Әбден тозығы жеткен нысандар әсіресе Алматыда көп. Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында да аз емес. Сондықтан алдығ 5-6 жылда кезең-кезеңмен сүрілмек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама