×

Астанада Сығанақ көшесіндегі қозғалыс қалпына келтіріледі

Қазір аталған учаскеде уақытша конструкцияларды бұзу және учаскені тазалау жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 23.12.2023 | 13:05
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

LRT желісінің жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінің бойында Сауран мен Ақмешіт көшелерінің қиылысында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмысы аяқталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 желтоқсаннан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан «Арыс» көпіріне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен қалпына келтіріледі. Қозғалыс әкімшілік полиция басқармасымен келісілген жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына сәйкес іске асырылады.

Айта кетсек, эстакаданың құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалысқа толығымен, Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) ішінара шектеу (екі жолақ) енгізілген болатын.

Қазір аталған учаскеде уақытша конструкцияларды бұзу және учаскені тазалау жүргізіліп жатыр.

Көлік жүргізушілері қиылыстардан бұрылу кезінде өзгерістерге назар аударуды және сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз, – делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама