×

Президент АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады

Кездесуде жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды

 Динара Амантай 22.12.2023 | 16:17
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланыс және басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқан.

Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастықты екіжақты қарым-қатынастың негізгі тірегі ретінде атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде инвестиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты.

Сонымен қатар кездесуде сауда, көлік, логистика, «жасыл» энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама