×

«Оңай жеңемін, иншалла!»: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарына үндеу жасады

Ол Лас-Вегаста ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын

 Еркеғали Болатұлы 24.05.2022 | 10:17
фото: qazsports.kz

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион титулын жеңгеннен кейін өз салмағындағы барлық чемпиондарға үн қатты.

Сендерге айттым ғой! Бұл жеңіл жекпе-жек болады десем, жеңіл жекпе-жек болады. Мен барлық чемпионды оңай жеңемін, иншалла! - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасына.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы 22 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Титул сарапқа салынған жекпе-жек екінші раундта аяқталған. Бұл жетістік қазақстандық боксшыға әлемдік белбеу алуға мүмкіндік берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама