×

«Далада қалдық»: Ақтауда заңсыз салынған тұрғын үй сүріліп, үлескерлер шу шығарды

Құрылысты осымен екінші компания аяқтамақ болған

 Халық үні 22.12.2023 | 07:32
фото: видеодан скриншот

Ақтауда заңсыз салынған тұрғын үй сүріліп, үлескерлер далада қалды, деп хабарлады КТК телеарнасы. 

Бес қабатты баспананы талқандауға келген техниканы үлескерлер тоқтатпақ болған.

Мен 8 миллиондай салдым. Халықтың жағдайына қарау керек қой. Қаншама қаражат кетті. Біз далада қалдық. Ақшаны қазір ешкім қайтарып бермейді. Бізден алған ақшаға құрылыс істеп қойды. Алдында Орақ деген біреуі алдап кетті. Оның несіне де біз төледік,  – деді үлескер Ергешбай Әлмұратов.

Үйге ақша салған үлескерлер болашақ баспанасын қорғап қалмақ болған еді. Бірақ оқиға орнына келген шенеуніктер, полиция мен прокурорлар оның заңсыз салынған түсіндірді. Еш құжатсыз салынған бес қабатты тұрғын үй Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылында орналасқан.

Құрылысты осымен екінші компания аяқтамақ болған. Бұған дейін басқа компания халықтың ақшасын жинап алып, алдап кеткен көрінеді. Сондықтан нысанды аяқтауды жер иесі өз мойнына алған. Бірақ ол тұрғын үйдің құжаттарын жасауға асықпапты. Сол себепті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдері оған құрылысты заңдастыруға бір жыл уақыт берген екен.

2022 жылдың желтоқсан айында алдымен біз басқармамен жоспардан тыс тексеру жүргіздік. Ол кезде тек бір қабаты болған. Сол кезде заңсыз екенін анықтап, тиісті айыппұл салып, құрылысты тоқтатуға нұсқама бердік. Құжаттарды рәсімдеуге де нұсқама бердік. Осы күнге дейін бұл кәсіпкер ешқандай рұқсатнама құжат алған жоқ. Біздің берген нұсқаманы елеген жоқ, – деді Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Дәурен Өтепқали.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама