×

Қарабақта Qarabağ футбол клубы алғаш рет алаңға шықты (ВИДЕО)

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев салтанатты жағдайда алаңның ортасында тұрған допты теуіп, матчты бастап берді

 Дастан Жұмабекұлы 21.12.2023 | 18:00
Фото: trend.az

Бүгін Әзербайжанның Қарабақ арнайы экономикалық аймағының орталығы – Ханкенді қаласында жергілікті Qarabağ футбол клубы алғаш рет жасыл алаңға шықты.

Qarabağ пен MOİK клубтарының ойынына ел президенті Ильхам Әлиев қатысты. Ол салтанатты жағдайда алаңның ортасында тұрған допты теуіп, матчты бастап берді.

Бұған дейін хабарланғандай, Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің мемлекет басшысы болып сайланғанына 20 жыл толуына байланысты Таулы Қарабақтың бірнеше қаласында осы елдің мемлекеттік туы көтеріліп, ғимараттарға елтаңбасы қойылды. Одан басқа Әзербайжанның Ханкенді қаласында Екінші Қарабақ соғысындағы жеңісінің құрметіне орай әскери шеру болды. Оған ӘР басшысы Ильхам Әлиев пен оның зайыбы, бірінші вице-президент Мехрибан Әлиева мен олардың ұлы Гейдар Әлиев қатысты.

Бұл парад Әзербайжан Республикасында жыл сайын 8 қарашада өткізіліп келеді. Осы күні 2020 жылы Әзербайжан қарулы күштері Армения әскерінен Таулы Қарабақтың 3 ауданы мен оған айналасындағы 7 ауданды азат еткен болатын. Бұл соғыс 44 күн болған. Оны Әзербайжанда Отан соғысы немесе Екінші Қарабақ соғысы деп атайды. Осы соғыста Әзербайжан Таулы Қарабақтағы 5 қаланы, 4 поселокты, 286 ауыл мен көптеген стратегиялық жерлерді азат етті. Ал биылғы 28 қыркүйекте Таулы Қарабақ толығымен Әзербайжанның құрамына қосылды. Бұған дейін ол жартылай армян сепаратистерінің құрамында болған еді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама