×

Алаяқтар 10 айда 154 млрд теңге шығын келтірген

Олар 37 мыңнан аса қазақстандықты сан соқтырған

 Дәурен Ерболат 21.12.2023 | 17:17
Фото: Halyq Uni

Биыл 10 айда алаяқтардың кесірінен 154 млрд 110 млн теңге шығын келген. Бұл туралы сенатор Геннадий Шиповских айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутаттық сауал премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа жолданды.

Қазақстанда алаяқтық дерегі 15%-ға азайғанмен қаржылай шығын 58%-ға артқан. Енді алаяқтар әр құрбанынан барынша көп ақша өндірудің жолын іздеп жатыр. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің дерегіне сүйенсек, 2021 жылы елімізде 40 402 алаяқтық фактісі тіркелген. 39 671 адам 120 млрд 341 млн теңге зардап шеккен. 2022 жылы 42 813 алаяқтық фактісі анықталды. Осылайша, 42 621 адам 97 млн 329 млн теңге зардап шекті. Биыл 10 айда 36 462 алаяқтық дерегі тіркелді. 37 987 адам 154 млрд 110 млн теңге зардап шеккен, - деді Геннадий Шиповских Сенаттың жалпы отырысында.

Депутат бүгінде махинациялық операциялар банк жүйесі арқылы іске асып жатқанын, осыған байланысты банктердің киберқауіпсіздігін нығайту керектігін атап өтті.

Сенатор бұл мәселеге Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың өзі назар аударуы керек деп санайды.

«Алаяқтармен күресу жолында құзырлы органдар заманауи тәсілдер мен мемлекеттік ресурстың мүмкіндігін толық пайдаланып, жоғары жұмыс нәтижесін көрсетуі керек. Еліміздегі банктер өзінің тұтынушыларын алаяқтардан қорғау үшін жүйені бір қалыпқа келтіріп, киберқауіпсіздікті жаңа дәрежеге көтеруі қажет», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама