×

Ресей футбол одағы Азия конфедерациясына мүше болуға қарсы шықты

Конфедерацияны өзгерту нұсқасы жойылмайды

 Дастан Жұмабекұлы 21.12.2023 | 15:25
Фото: Сергей Киселев

Ресей футбол федерациясының (РФФ) атқарушы комитеті Азия футбол конфедерациясына (АФК) мүше болуға қарсы дауыс берді.

Атқару комитетінің барлық мүшелері халықаралық турнирлерге қатысу үшін ФИФА кепілдігінсіз Азияға барудың мағынасы жоқ екенін айтты.

Бізге Азия керек емес. Біз Еуропада ойнағымыз келеді. Сол үшін күресеміз. Ресей – Еуропадағы ел. Біз Азияға бармауды шештік. Барлығы бірауыздан шешімді қолдады, – деді РФФ вице-президенті Ахмад Айдамиров ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

Ресей футбол одағының президенті Александр Дюков ұйымның атқарушы комитетінің Азия футбол конфедерациясына мүшелікке өтпеуі туралы шешімі түпкілікті емес екенін айтты.

Конфедерацияны өзгерту нұсқасы жойылмайды. Біз бұл мүмкіндікті биыл болмаса, келесі жылы тиімді пайдалана аламыз, – деді ол.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Ресейге қолданылған санкцияларға байланысты УЕФА жарыстарына қатысуға тыйым салынған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама