×

Астанада автобустарда жолақыны Bluetooth арқылы төлеуге болады

Ол Avtobys мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді

 Динара Амантай 21.12.2023 | 13:40
Фото: видеодан скриншот

Елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны Bluetooth арқылы төлеуге де болады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, төлемнің бұл түрін пайдалану Avtobys мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.

Ол үшін:

  • Avtobys мобильді қосымшасын жүктеу;
  • Қосымшаға телефон нөмірі арқылы тіркелу;
  • Мобильді қосымшаның теңгерімін толтыру (әмиян батырмасын таңдап, ұсынылған әдістердің бірін таңдау) қажет.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, электрондық әмияндар, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

Жолақыны Bluetooth арқылы төлеу үшін телефоныңыздан Bluetooth қосасыз. Одан кейін қосымшаға кіріп, Bluetooth белгісін басасыз, маршрутты таңдайсыз және төлемді растайсыз.

Айта кетсек, әзірге төлем жасаудың бұл тәсілі жолақысын төлеудің электронды жүйесінің жабдықтарымен жабдықталған автобустарда қолжетімді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама