×

Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасына әзірше неше жолдама алды?

Ойындарға 70 елден 1 800 спортшы қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 21.12.2023 | 13:25
Фото: maestral.co.rs

Келесі жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы болады. Бұл жарыс еліміздің жаңа жылға жоспарланған ең басты бәсекелерінің бірі саналады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Бұл додаға еліміздің спортшылары төртінші рет қатысады. Жалпы, жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасы 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Қазір Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайл параллель могул түрінен 30 жолдама бар. Десе де, жолдама саны әлі де толыға түсуі мүмкін. Өйткені жасөспірімдер Олимпиадасына лицензия беретін жарыстар жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында Gangneung Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылады деп жоспарланған. Ойындарға 70 елден 1 800 спортшы қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама