×

Атырау облысында енесі күйеу баласын пышақтап өлтірді

Ер адамның қаңтар және сәуір айларында екі рет әкімшілік қамауда болғаны анықталды.

 Халық үні 21.12.2023 | 07:25
Фото: Halyq Uni

Атырау облысында енесі күйеу баласын пышақтап өлтірді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

20 желтоқсан күні сағат 18:50 шамасында 1986 жылы туған әйел адам анасының азаматтық некедегі жолдасының ішінен ас үй пышағымен жарақат салғанын хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжалдың нәтижесінде 1966 жылы туған әйел адамның 1996 жылы туған азаматты ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады. Алған дене жарақаты салдарынан ер адам қаза тапқан.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Айта кетейік, аталған жанұяда бұрын да отбасылық жанжал болып, ер адамның қаңтар және сәуір айларында екі рет әкімшілік қамауда болғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама