×

Астананың бір ауданында 1500-ге жуық отбасы қосымша әлеуметтік көмек алды

Биыл АӘК ауданда тұратын 421 отбасына тағайындалған

 Динара Амантай 20.12.2023 | 12:15
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Байқоңыр ауданында 1500-ге жуық көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасы қосымша әлеуметтік көмек алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Байқоңыр ауданында бүгінде 22 мыңнан астам зейнеткер, 573 тыл еңбеккері, 5 591 мүмкіндігі шектеулі адам, 3 963 көпбалалы отбасы, 1 107 көпбалалы ана, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған, 421 әлеуметтік аз қамтылған отбасы тұрады.

Аудан әкімі Талғат Рахманбердінің айтуынша, жасы үлкен кісілердің бос уақытын пайдалы өткізуі үшін ауданда 3 шағын орталық орналасқан.

Аудан тұрғындарын әлеуметтік қамтамасыз етуде бұрынғыдай жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Өткізілетін акциялар аясында ауданның көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан 5 500-ден астам бала түрлі іс-шаралар мен акцияларға қатысты. Онда оларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсетілді және жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Олар мерзімді бұқаралық-спорттық іс-шараларға қатысуға тартылды, сондай-ақ аула мерекелері өткізілді, – деді әкім елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Биыл АӘК ауданда тұратын 421 отбасыға тағайындалған.

Міндетті мемлекеттік әлеуметтік төлемдерден басқа, 1 500-ге жуық әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасыларға азық-түлік жиынтығы, балаларға арналған киім, көмір, уақытша баспана беру, балаларды балабақшаларға тегін орналастыру, медициналық мекемелерде тексеруден және емдеуден өту және т.б. түрінде көмек көрсетілді.

Өскелең ұрпақ та назардан тыс қалмайды. Ауданда 8 аула клубы жұмыс істейді. Олардың негізгі бағыттары – спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер.

2023 жылы аудан аумағында жалпы 10 мыңнан астам адамды қамтитын 120-дан астам мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді.

Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама