×

Қызылордада 18 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Бойжеткен үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен

 Халық үні 19.12.2023 | 19:52
фото: pixabay.com

Қызылорда қаласында тұратын 18 жастағы Айтөреева Дариға Рауанқызы 17 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған.

фото: облыстық ПД 

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,50 - 1,55 см, орта денелі, көзі қоңыр түсті, шашы қара түсті. Киімдері: қоңыр түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғына қоңыр түсті аяқ киім киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуызды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама