×

Телерадио арналарын тарату 14 сағатқа тоқтатылады

Профилактикалық жұмыс жүргізілмек

 Динара Амантай 19.12.2023 | 16:18
Фото: suzdalregion.ru/

Елімізде телерадио арналарын тарату 14 сағатқа тоқтатылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлметінше, 2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін «Қазмедиа орталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған.

Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып, профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде телерадио арналарын таратудың тоқтайтыны туралы хабардар етеміз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама