×

Бірнеше қаладағы әуежай шетелдік инвесторларға берілуі мүмкін

Олардың тәжірибесі мен қаражаты болуға тиіс

 Дәурен Ерболат 19.12.2023 | 15:30
фото: Elitar.kz

Ақтөбе, Түркістан және Қызылордағы әуежайларды ірі инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, шетелдік инвесторлар әуежайдағы инфрақұрылымды дамытуға міндетті болады. 

Келесі жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторы Астана әуежайының ұшу-қону жолағын өз қаражаты есебінен реконструкциялауға кіріседі. Бұл жаңа басқарушы компанияға қойылған бірінші кезектегі міндеттердің бірі саналады. Сондай-ақ 2024 жылы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Павлодар қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолығын және Балқаш қаласындағы әуежайдың пероны мен ұшу-қону жолығын реконструкция бойынша жұмыс басталады, - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Министр бірнеше қаладағы әуежай тәжірибесі мен ақшасы бар шетелдік инвесторларға берілуі мүмкін екенін атап өтті.

«Еліміздегі әуежайларда мультимодальдық орталықтар құру үшін қажет құзыреті мен капиталы бар жеке инвесторларды тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның шеңберінде аталған Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының әуежайларынан бөлек, Қарағанды әуежайында инвестор ұшу-қону жолағын және қажет арнайы техниканы жаңғыртуды жоспарлап отыр. Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда қалаларындағы әуежайларды осы салада тәжірибесі бар жаһандық ірі инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізілуде», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама