×

Шымкент қалалық энергетика басқармасы басшысының орынбасары жол апатынан көз жұмды

Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары жол апатынан көз жұмды

 Халық үні 19.12.2023 | 07:45
Фото: instagram/elitar.kz

Алматы облысындағы тас жолда Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Әбдіқадыров жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды elitar.kz.

Редакция мәліметі бойынша, жол апаты 18 желтоқсан күні сағат 8:00-де Алматы-Бішкек тас жолында Беріктас ауылынан үш шақырым жерде болған.

Мақсат Әбдіқадыров Lexus LX470 көлігімен айналма жолға шығып келе жатып, рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, айналма жолдан шығып бара жатқан VOLVO FN 420 жүк көлігімен соқтығысқан.

Мақсат Әбдіқадыров оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарымен Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға 1991, 2015, 2018, 2021 жылғы төрт адамнан тұратын отбасы жеткізілді. Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайы белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама