×

Томпсонды жеңген Шавкат Рахмоновтың табысы белгілі болды

Жерлесіміз қарсыласынан аз тапқан

 Ербол Тұрымбет 18.12.2023 | 14:03
фото: sports.ru

Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (18-0) Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгені үшін қанша ақша алғаны белгілі болды.

MMA Salaries-тің хабарлауынша, осы жекпе-жектегі жеңісіне қарамастан отандасымыз қарсыласынан кем тапқан. Дегенмен бұл қаражат біздің «Номад» үшін спорттық ғұмырындағы ең қомақты табыс саналады. Рахмоновтың алған 306 мың долларының 150 мыңы төбелеске шыққаны үшін болса, екінші 150 мыңы жеңгеніне берілген. Тағы 6 мың доллары демеушілерден келген.

Алайда оның қарсыласы көбірек алды. Томпсонның ақысы 416 мың доллар болды. Оның 400 мыңы алаңға шыққанына берілсе, 16 мың долларын демеушілер ынталандыру үшін берген.

Айта кетейік, жерлесіміздің бұл жекпе-жегін тамашалауға келгендер арасында Дональд Трамп та болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама