×

2 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Жолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылған

 Ая Өміртай 17.12.2023 | 14:13
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ауа райының нашарлауына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жамбыл облысында – 1 учаске (95 шақырым):

  1. «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы, Кенен ауылы – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) – 95 шақырым;

 Жетісу облысында – 1 учаске (100 шақырым):

  1. «Үшарал – Достық», Көктұма бекеті – Достық бекеті – 100 шақырым.

 Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады. Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама