×

Қазақ азаматы «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы болды

Фазылбек Әбсаттарұлы талантты балаларды Еуропаға шақырады

 Дастан Жұмабекұлы 15.12.2023 | 12:03
Фото: Фазылбек Әбсаттарұлы

Португалиядан қазақ футболына қатысты қуанышты хабар келіп жетті. «Арландар» клубының президенті, футбол функционері Фазылбек Әбсаттарұлы Португалияның кәсіпқой футбол лигасында ойнап жүрген «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы болды.

Бұдан кейін Португалияда футбол клубтарыңыз бар. Бұл да бір Қазақстан үшін үлкен жетістік деп ойлаймын, – деп жеткізді ол сүйінші хабарды.

Футбол функционерінің айтуынша, енді Қазақстан балаларына қарт құрлықтың футболына есік ашылады. Себебі осы күнге дейін еліміздің жас футболшылары Еуропа елдерінің футбол федерацияларынан лицензия ала алмай, есіктері ашылмай жүрген еді. Бұдай кейін «Брагалона» футбол клубы арқылы лицензия алып, Еуропаның басқа футбол клубтарымен трансфер жасауға оңай болады.

Қазақстан футболын дамыту үшін 32 жылда не жасалмады? Барлық талпыныстар жасалды. Алайда мардымды нәтиже шықпаған еді. Себебі футболды дамыту үшін футболы дамыған елдерге барып, барлығын үйрену керек. Білімін, тәжірибесін алу қажет. Кезінде еліміз қайдағы бір Бразилияға бюджеттің қаншама қыруар қаржысын жұмсады. Сондықтан футболды ғылым арқылы дамытып отырған Еуропадан үйрену керек.

Біз қанша жерден «Бенфика», «Спортинг», «Аякс» секілді футбол академияларын Қазақстанда салсақ, ол жай ғимарат болып қалады. Оған «Қайрат» футбол академиясын мысалға келтіруге болады. Әлемдік топ академиялар секілді салынғанмен, осы күнге дейін «Қайрат» академиясының бірде-бір әлемдік футбол жұлдызын дайындай алмауы осыған себеп. Мысалы, Гарвард, Кембридж, Оксфорд секілді университеттер салғанымызбен, ондай жоғары оқу орны бола алмаймыз, – деді ол.

Осы өлшеммен алғанда, Португалиядан бір қазақ азаматының футбол клубының құрылтайшысы болуы – үлкен жетістік. Бұл – жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстан балаларына Еуропа футболының есігі ашылады деген сөз. Осыдан кейін қазақ балаларына «Брагалона» футбол клубы арқылы лицензия алып, кәрі құрлықтың клубтарымен келісімшарт жасауға оңай болады. Енді қазақ балалары осы мүмкіндікті пайдаланып, Португалияның футбол академиялары мен клубтарына барса, құба-құп.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама