×

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионға шықты (ВИДЕО)

Енді хоккейшілеріміз 17 желтоқсанда Австриямен ойнайды

 Дастан Жұмабекұлы 15.12.2023 | 09:30
Фото: icehockey.kz

Мажарстанның Будапешт қаласында шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы бір тур қалғанда элиталық дивизионға жолдама алды.

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Мажарстан мен Австрия құрамаларымен сарапқа салды. Осы дивизионда жастар құрамасы төрт матчтың бәрін жеңді. Атап айтқанда, алдымен айдын иелері – Мажарстанды 5:2, екінші ойында Данияны 3:2, одан кейін Францияны 4:0 есебімен жеңіп, төртінші турда Жапония командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Күншығыс елін жеңген соң, еліміздің жастар құрамасы 12 ұпай жинап, тікелей элиталық дивизионға шықты.

Енді жастар құрамасы 17 желтоқсанда Австриямен ойнайды.

Жастар құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионында 6 рет ойнады. Соның төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді. Ал элиталық дивизионда 8 рет бақ сынап, 1999 жылы бір рет 6-орынды иеленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама