×

15 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында 30-31°С өте қатты аяз сақталады.

 Халық үні 14.12.2023 | 20:45
фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 15 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Әлі де, республикамыздың басым бөлігіне, суық Солтүстік-батыс  антициклоны өз әсерін тигизеді, осыған  байланысты көбінесе жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың  өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде,  оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі.  ҚР бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте тұман болжануда.

Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында 30-31°С өте қатты аяз сақталады. Жетісу облысының Алакөль көлінің аумағында, түнде және таңертең Түркістан  таулы асуларында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында кей уақыттарда өте күшті жел  30 м/с немесе одан да аса болады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама