×

Кентау ЖЭО-да 4 қазандықтың жұмысы тоқтап қалды

Оларды жөндеу жұмыстары қарашада аяқталуға тиіс болған

 Динара Амантай 14.12.2023 | 10:50
Фото: kaztag.kz

Кентау ЖЭО-да барлық төрт қазандық сөндірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 20:16-да электр беру желілері ажыратылған кезде ЖЭО-дағы барлық төрт қазандықтың жұмысы тоқтап қалды. Қалыпты режим 20:34-те қалпына келтірілді.

Сондай-ақ ведомство ЖЭО-да қазандықтарды жөндеу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді.

№5, 6, 7, 12 қазандықтарды жөндеу аяқталды. Ал №8, 11 қазандықтар 58% жөнделді. Жоспар бойынша 20 қарашада аяқталуға тиіс. Іс жүзінде 20 желтоқсанда толық аяқталады деп күтіліп отыр. №9, 10 қазандықтар 50% жөнделді. Жоспар бойынша ол 30 қарашада аяқталуға тиіс еді. Іс жүзінде толық аяқтау 2024 жылдың 30 наурызында болады деп күтіледі. Жылу желісі кестесі 70/45, факті – 68/440С, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама