×

«Сусынына белгісіз зат қосқан»: Алматыда үш жігіт қыз зорлады деген күдікке ілінді

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды

 Халық үні 13.12.2023 | 21:54
фото: Sputnik / Абзал Калиев

Алматыда үш жігіт 20 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kazinform. 

Telegram каналдардың бірінде үш жігіт ойын-сауық мекемесінде 20 жастағы бойжеткеннің алкогольдік ішімдігіне әлдебір зат салып, кейін оны ұрлап алып кетіп, зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Сондай-ақ күдіктілер жәбірленушіге моральдық шығын үшін ақша ұсынып жатқаны хабарланды. 

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушінің алкогольдік сусынына белгісіз зат қосылғаны бойынша да тексеріс жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция қылмыстық процеске қатысушылар арасындағы хат алмасу Instagram әлеуметтік желісі арқылы жүргізілгенін анықтады.

«Егер шағымды кері қайтарып алатын болса, ол жазаны жеңілдетуі мүмкін, бірақ қылмыстық істі тоқтатуға негіз бола алмайды», - деп атап өтті ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама