×

Екі айда 196 мал ұрысы мен 34 қылмыстық топ ұсталды

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

 Динара Амантай 13.12.2023 | 10:00
Фото: polisia.kz

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 196 мал ұрысы ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл сайын Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу және оған қарсы күресті арттыру бойынша шаралар қабылдайды. Қараша мен желтоқсанда барлық өңірде «Мал ұрлығы» екі кезеңдік республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Операцияны жүргізуге тек полицейлер ғана емес, ветеринариялық бақылау мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылдырылды. Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде 196 мал ұрысы және 34 қылмыстық топ ұсталды.

Ақмола облысында екі адам ұсталды. Олар қарашадан бастап қоралар мен сарайлардан 20 бас ұсақ малды ұрлап әкеткен. Қаскөйлер негізі елордада тұрған, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Сол себепті де құқық қорғау органдарының назарына ілікпеген. Осылайша күдіктілер Ақмола облысының аумағында орналасқан далалы аймаққа үш рет келіп, малды ұрлаған соң, оны сойып, етін Астана қаласының базарларында сатып жіберген. Полицейлер күдікті көлікті байқағаннан кейін ғана ұрылар Талапкер ауылында төртінші ұрлықты жасау барысында ұсталған, – делінген хабарламада.

Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде биыл мал ұрлығы 13% төмендеп отыр. Сонымен қатар ұрланған жануарлардың жартысынан көбі заңды иелеріне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама