×

Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

13 желтоқсанда 0-11 сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады

 Халық үні 12.12.2023 | 21:16
Фото: Астана білім басқармасы

Астанада 13 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды, деп хабарлады елорданың білім басқармасы.

«2023 жылғы 13 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, синоптиктер Қазақстанда аяздың беті 14 желтоқсаннан кейін қайтатынын хабарлады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама