×

ҚФФ барлық өңірде футбол апталығын өткізді

Іс-шараның басты мақсаты – жас футболшылардың шеберлігін шыңдап, еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына үлес қосу

 Дастан Жұмабекұлы 12.12.2023 | 09:43
Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаменті еліміздің барлық облысындағы футбол қауымдастықтарының қолдауымен жыл сайынғы Еуропалық спорт апталығы аясында «УЕФА бұқаралық футбол аптасын» (UEFA Grassroots week) өткізді.

УЕФА-ның бұқаралық футбол бағдарламасы бүкіл әлем бойынша спорттың осы түрінен жарыстар ұйымдастырып келеді. Іс-шараның басты мақсаты – жас футболшылардың шеберлігін шыңдап, еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына үлес қосу.

«Футбол аптасы» қарсаңында еліміздің барлық өңірінде өткен балалар мен жасөспірімдер командалары арасындағы барлық жас ерекшеліктері бойынша шағын футболдан жарысқа 100-ден астам команда қатысты.

Барлық жеңімпаз команда мен жүлдегерлерге ҚФФ атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама