×

-30 градус аяз: Астана әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін

 Халық үні 11.12.2023 | 20:14
фото: tengrinews.kz

Астанада аптаның басы аяздан басталды. Алдағы күндері ауа температурасы 33 градустан төмен түседі деп күтіліп отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары жарақат алу мен үсік шалу секілді қиын жағдайға ұшырамас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауы және ұзақ уақыт көшеде болмауы қажет, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Қазгидромет» мәліметінше, 11-13 желтоқсанда ауа температурасы түнде және күндіз -33 градусқа дейін төмендейді.

Осыған байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:

  • Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде алыс сапарларға шықпаңыз және жаяу жүрмеңіз;
  • Автожолдардағы ауа райы жағдайлары мен көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз;
  • Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратты паналау керек. Ағаштардан, ілулі тұрған құрылымдардан, электр желілерінен және билбордтардан алыс тұрыңыз;
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеуге кеңес беріледі.

Сондай-ақ көлік иелеріне автомобильдерді ашық оттың көмегімен жылыту қаупі ескертілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама