×

Алматы облысында синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана жойылды

Күдіктілердің бірі – жақын шетелдің азаматы

 Динара Амантай 11.12.2023 | 09:34
Фото: polisia.kz

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының аумақтық және арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестірумен Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында орналасқан жасырын зертхананы жою бойынша ірі операция жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұзақ мерзімді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 4 желтоқсанда саяжай аумағында есірткі зертханасын ұйымдастырған екі ер адам ұсталды. Олардың бірі – жақын шетелдің азаматы. Үй-жайды тінту кезінде 130 келі прекурсор, зертханалық жабдық (реактор, шыны колбалар, электрондық таразылар, жылу зеңбіректері, тыныс алу маскалары) және шамамен 12 келі дайын мефедрон психотроптық заты тәркіленді.

Есірткіні өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, сақтағаны, сондай-ақ өткізгені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Еске сала кетсек, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі мөлшерде жасалған бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама