×

Энергетика министрлігі жылусыз қалған Ақтау, Балқаш және Екібастұз қалаларындағы қазіргі жағдайды мәлімдеді

Биыл еліміздегі барлық энергия көздерін тұрақты жылумен қамтамасыз ету бойынша бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыс атқарылды

 Халық үні 10.12.2023 | 21:48
фото: ekaraganda.kz

Энергетика министрлігі жылу магистральдарында болған апат салдарынан тұрғындары жылусыз қалған Ақтау, Балқаш және Екібастұз қалаларын жылумен қамту мәселесі бойынша қазіргі атқарылған жұмысты баяндады.

Министрліктің хабарлауынша, 9 желтоқсан күні Балқаш қаласындағы Абай және Абдугалиев көшесіндегі жылу желісінің құбырына зақым келіп, 6 сағат ішінде түн мезгілінде қалпына келтірілді.

Екібастұз қаласында қазіргі таңда 8 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беруде іркіліс болған жоқ.

Ақтау қаласындағы 11а ықшамауданында жылу желісі зақымдалған, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Айта кетейік, бұл қалаларда болған оқиғалар технологиялық бұзушылық ретінде сипатталады. Ең бастысы тұтынушыларға жылу беруді тоқтатуға жол берілмеді.

«Биыл еліміздегі барлық энергия көздерін тұрақты жылумен қамтамасыз ету бойынша бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыс атқарылды. Осының арқасында жылумен жабдықтау бойынша үлкен апаттардың алды алуға шаралар қабылданды», - делінген хабрламада.

Энергетика министрлігі энергетикалық нысандарды пайдалану мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста екенін және жағдайды қадағалауында ұстап отырғанын мәлімеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама