×

Президент бүгінгі Адам құқықтары күніне қатысты жазба жариялады

Маңызды жаһандық декларацияның қабылданғанына 75 жыл толып отыр

 Еркеғали Болатұлы 10.12.2023 | 12:40
фото: akorda.kz

10 желтоқсан – Адам құқықтары күні. Бұл күн бүкіл әлемде 1948 жылғы 10 желтоқсаннан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдаған кезден атап өтіледі. Декларация – әлемнің 500-ден астам тіліне аударылған құжат.

Декларация барлық халық мен мемлекет, сондай-ақ әрбiр адам оны орындауға ұмтылуға тиiс мiндеттi бекiтедi. Ол адам құқығы саласында бірыңғай халықаралық стандартты қалыптастырған адам құқығы саласында 60-тан астам құралды енгізуге ықпал етті.

Декларацияда ұлтына, тұратын жеріне, жынысына, этникалық шығу тегіне, тіліне, дініне немесе өзге де жағдайына қатысты қандай да бір айырмашылықсыз бәрімізде бар негізгі құқық пен бостандықтың кең тізбесі бекітілген.

Бүгін осы маңызды жаһандық декларацияның қабылданғанына 75 жыл толып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» жарлыққа қол қойған болатын.

Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» жарлыққа қол қойдым. Жоспарда гендерлік теңдікті күшейтуге, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, қылмыстық сот төрелігі саласында азаматтарды қорғауға, азаптау мен қатыгездіктің алдын алуға бағытталған бірқатар шара қамтылған.

Бірлесу бостандығы құқығы мен еңбек құқығын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Құжат адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады. Жоспарды іске асыру шеңберінде тиісті заңдар қабылданады», - деп жазды Президент Х парақшасына.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама