×

QAZAQ AIR рейстердің кешігетінін ескертті

Компания болған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды

 Айнұр Шошаева 10.12.2023 | 10:45
фото: kapital.kz

QAZAQ AIR әуе компаниясы қазақстандықтарға рейстердің кешігетінін ескертті, деп хабарлады Halyq uni.

Компанияның мәліметінше, рейстің кешігетіні туралы ақпарат жолаушыларға әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген деректемелер бойынша ұялы телефонға хабарламалар түрінде және электронды пошта арқылы жіберіледі.

Сондай-ақ кешіктірілген әуе рейсінің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады.

QAZAQ AIR әуе компаниясы болған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Сонымен қатар, әуе компаниясы үшін жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігі әрдайым маңызды екенін еске салады, - деп хабарлады QAZAQ AIR баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама