×

СҚО-да екі қабатты үйде жарылыс болып, 12 жасар қыз қаза тапты

Газ-ауа қоспасының жарылуынан үйдің терезелері шағылып, ғимарат зақымданған

 Халық үні 08.12.2023 | 19:41
Фото: СҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново елді мекеніндегі екіқабатты үйде газ баллоны жарылып, 12 жасар қыз көз жұмды. Оқиға орнына облыс әкімі барды.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 15:00-ге таман Смирнов елді мекені Титов көшесі, 11 мекенжайындағы 2 қабатты 3 подъезді үйдің екінші қабатында болған.

Газ-ауа қоспасының жарылуынан үйдің терезелері шағылып, ғимарат зақымданған.

60 шаршы метр аумақ отқа оранған.

«Оқиға салдарынан 12 жасар қыз қайтыс болған. 2001 жылы туған ер адам жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. 9 адам эвакуацияланды», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай орнына облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың өкілдері барды.

Өрт сағат 17.00 шамасында толық сөндірілді.

Қазіргі уақытта себебі және келген шығын мөлшері анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама