×

Жезқазғандағы жаңа мешітте кітапхана мен білім орталығы болады

Онда бір мезетте 2 мың адам құлшылығын өтей алады

 Дастан Жұмабекұлы 08.12.2023 | 13:22
Фото: muftyat.kz

Жезқазған қаласында жаңа мешіт салынып жатыр.

Ұлытау облысының орталығына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен барып, жаңа мешіттің құрылысымен танысты. Бас мүфти жаңа мешіт құрылысын жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігіне және қауіпсіздік іс-шараларын сақтау мәселесіне назар аударды.

Бүгінде Жезқазған қаласында жалғыз мешіт бар. Жамағатпен оқылатын жұма, айт, тарауық намазы кезінде халық құлшылығын сыртта оқуға мәжбүр. Бір қалаға бір мешіт өте аз екенін сезінген жергілікті жұртшылық ерікті түрде құлшылық үйінің құрылысына жәрдем беріп жатыр, – деді ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Жаңа мешітте бір мезетте 2 мың адам құлшылығын өтей алады. Құлшылық ордасында кітапхана, білім орталығы да болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама