×

Бокс кешіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов шаршы алаңға қайтып шығады

 Дастан Жұмабекұлы 08.12.2023 | 12:23
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Астанада 15 желтоқсанда Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен болатын кәсіпқой бокстан «Чемпиондар кешінде» Қазақстан былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығатын шетелдің өкілдері анықталды.

Кеште 8 жекпе-жек болады. Оған ұлттық құраманың үздіктері қатысады. Сонымен 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Өзбекстанның өкілі Нодиржан Мирзаахмедовпен, 57 келі салмақта тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан кубалық Освальдо Диаспен, 63,5 келіде Серік Теміржанов Ресейдің боксшысы Павл Федеровпен шаршы алаңға шығады.

71 келі салмақта ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов мексикалық Хосе Мигель Боррегомен, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Джабулани Макхенсемен қолғап түйістіреді.

Сонымен бірге 80 келіде Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Никита Зоньмен, Ерасыл Жақыпбеков Нидерланды спортшысы Градус Крауспен шаршы алаңда жолығады.

Жекпе-жектер 3 минуттан тұратын 6 раундқа созылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама