×

Армения Ресей телеарналарын өшіруді кейінге қалдырды

Олай болса, біз мәселені қарастыруға дайынбыз, – делінген РФ Сыртқы істер ведомствосының хабарламасында

 Дастан Жұмабекұлы 08.12.2023 | 11:17
Фото: First News Media

Армения Ресей телеарналарын өшіруді кейінге қалдырды. Армения Республикасының жоғары технологиялы өндіріс министрі Ваагн Хачатрянның айтуынша, әзірге Ресей телеарналарын өшіру туралы мәселе көтерілген жоқ. Бірақ жақын арада ресейлік әріптестерімен болатын кездесуде осы мәселе қаралып, толығымен шешіледі.

Еске сала кетсек, 2 желтоқсанда РФ Сыртқы істер министрлігі Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянның елде Ресейдің ақпарат құралдарына тыйым салу туралы бастамасына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Арменияның Үкімет басшысы Пашинянның өзі Ресей телеарналарын елдің ішкі және сыртқы саясатына араласып жатыр деп айыптады. Олай болса, біз мәселені қарастыруға дайынбыз, – делінген РФ Сыртқы істер ведомствосының хабарламасында.

Армения Республикасында ресейлік БАҚ-ты өшіру туралы мәселе 30 қыркүйектен бері айтылып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама