×

Таразда жаңа электромобильдерге мінген полиция мас жүргізушілерді ұстап жатыр (ВИДЕО)

Тоқпен жүретін көліктерді басқару өте ыңғайлы

 Дәурен Ерболат 08.12.2023 | 10:28
Фото: polisia.kz

Таразда полицейлер жаңа электромобильдер көмегімен бiр түнде 2 мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

4 желтоқсанда патрульдік полиция аумақты тексеру барысында Төле би даңғылының бойында жол ережесін бұзған Toyota Avensiz-ті тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші заң талабын елемей, жол қозғалысы ережесін бұзып, полиция көлігімен жарысқан.

Бірақ жаңа электромобильге мінген полиция құқықбұзушынының көлігін тез қуып жетті. 32 жастағы жүргізушінің мас болғаны анықталды. Медициналық сараптама қортындысы оның орташа дәрежеде мас болғанын растады.

Жүргізушінің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі, 613-бабы 1-бөлігі, 593-бабы 1-бөлігі және 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот үкімімен айыпталушы 18 күнге қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Сондай-ақ осы күнi Қойгелдi көшесінде Меrsedes-Benz тоқталды. Оның жүргізушiсi де мас болған. Құқықбұзушыға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот үкімімен ол 15 күнге қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. 

Көліктер айып тұрағына қойылды.

Жаңа электромобильдерге мінгеннен бері жұмыстың тиімділiгi артты. Қозғалыс кезіндегi дыбыссыздығы, жылдамдығы, басқару ыңғайлылығы өте жоғары деңгейде, - деді Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирi Руслан Оразбақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама