×

Кентаудағы оқушы қыздар арасындағы төбелес: жасөспірімдердің бірі ауруханаға түскен

Қазір жанжал бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Халық үні 21.12.2021 | 15:21
кадр: facebook

Кентауда жасөспірім қыздар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті. Мәлім болғандай, жоғары сыныпта оқитын екі қыз сөзге келіп қалған. Даудың соңы жанжалға ұласып, олар мектеп ауласында жаға жыртысқан.

Бұл оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрда бір қыздың екіншісінің шашынан жұлып, басынан ұрғылап жатқанын көруге болады.

Аталған факт бойынша 17 желтоқсанда Кентау полициясына жәбір көрген қыздың анасы шағымданды. Оның айтуынша, қызы бірнеше дене жарақатын алған.

Полиция екі жасөспірімнің ата-анасымен және мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмыстарын өткізіп, қазір жанжал бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Төбелестің кадры қоғам белсендісі Айгүл Орынбектің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Жасөспірімдер арасындағы бұзақылықты алдын алмасақ, болашақта түрмелер ел бұзарларға толады! Ерлан Тұрғымбаев мырза жергілікті полиция инспекторлары мектептерді аралап "жастар арасындағы қылмысты алдын алу бағытында" түсіндірме жұмыстарын өткізу керек деп ойлаймын, - деп жазды ол.

Айгүл Орынбектің айтуынша, Түркістан облысы, Кентау қаласы №1 мектептің 8-ші сынып оқушысы жәбірленушіні бірнеше қыз болып аса қатыгездікпен сабаған.

Барлығын видеоға түсіріп тұрған. Оқиға болған орын Кентау қаласы 22-ші мектептің территориясы. Қазіргі уақытта таяқ жеген 14 жастағы оқушы қыз Кентау қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Қыздың анасының айтуынша, дәрігерлер тиісті медициналық сараптамаларды бермей отыр. Учаскелік полиция келіп шағым алғаннан әрі іс қозғалмай тұр. Істі жылы жапқылары келеді дейді. Мектеп әкімшілігі тарапы үнсіз. Қыз мектепке барудан бас тартып жатыр дейді анасы. Жақындары қыздың психикалық жағдайы алаңдатып отырғанын айтады, - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама