×

Хосеп Гвардиола қызметінен кететінін айтты

Осы маусымда требл жасасақ, мансабымды аяқтаймын, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 07.12.2023 | 14:15
Фото: Reuters

 «Манчестер Сити» футбол клубының бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола биылғы маусымның соңында мансабын аяқтауға дайын екенін айтты.

Осы маусымда требл жасасақ, қызметімнен кетемін. Бұл – менің соңғы шешімім. Әрине, клубтан кету өте қиын екенін білемін. Англияда жақсы ойнайтын команда көп. Өзімді Алекс Фергюсонмен салыстырмаймын. Оның жөні бөлек. Жаңа айтқанымдай, біз требл жасасақ, тарихта қаламыз. Сосын осындай әдемі нотада қызметімнен кетемін, – деді Гвардиола Daily Mail-ге берген сұхбатында.

Треблді «Алтын хет-трик» деп те айтады. Егер клуб ел чемпионатын, ел кубогы мен құрлықтық турнирді жеңіп алса, требл жасады дегенді білдіреді.

Кеше Бирмингемдегі Англия премьер-лигасының кезекті турында «Астон Вилла» «Манчестер ситиді» 1:0 есебімен жеңді. Бұл манкуньяндықтардың биылғы маусымдағы үшінші жеңілісі болды. Қазір «Манчестер Сити» турнир кестесінде 15 ұпаймен 4-орында келеді. Бірінші орында «Арсенал», екінші орында «Ливерпуль», үшінші орында «Астон Вилла» тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама