×

Мамандар көпір жөндеуді америкалықтардан үйренбек

Олар жол саласындағы жаңа технологиямен танысты

 Дәурен Ерболат 07.12.2023 | 10:16
Фото: gov.kz

Қазақстандық мамандар көпірдің қауіпсіздігін бақылауды және оны жөндеуді америкалық компаниялардан үйренуге ниетті, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары АҚШ-тың Сан-Франциско қаласына жұмыс сапарымен барды. Олар Sensor Fusion and Monitoring Systems компаниясының кеңсесінде болды. Мақсат – көпір құрылысын мониторингтеу саласында ынтымақтастық орнату.

Кездесуде сарапшылар көпірлердің жағдайын бақылауға арналған жаңа сенсор мен бақылау жүйесін пайдалану мүмкіндігін талқылады. Сондай-ақ қос тарап жол құрылысының үш өлшемді үлгілерін жасауға мүмкіндік беретін көпірлер мен өткелдердің проблемалық учаскелеріндегі ақауларды анықтау, оларға қызмет көрсетуді айтарлықтай жеңілдететін 3D-модельдеу, лазерлік сканерлеуді қоса алғанда, озық технологияны енгізу бойынша тәжірибе алмасты, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар мамандар автомобиль жолдарын диагностикалау саласындағы соңғы технологиялық жетістіктермен танысу үшін Fugro халықаралық компаниясының АҚШ-тағы бөлімшесінің басшылығымен кездесті.

Инженерлер георадары бар жолдарды автоматты диагностикалауға арналған жаңа жүйені зерделеуге мүмкіндік алды. Бұл жол жабындарының кедір-бұдырын, жарықтар мен ойықтарды өте жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама