×

-42 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың қиыр солтүстігінде ауа температурасы -42 градусқа дейін төмендейді.

 Халық үні 06.12.2023 | 19:31
Фото: Tengrinews.kz

«Қазгидромет» РМК 7-9 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады.

Суық Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді.

Республика бойынша тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама