×

Қазақстанда екпе алмаған балалар күн сайын қызылша ауруын көптеп жұқтырып жатыр – ДСМ

Күн сайын 350 адам ауру жұқтырып жатыр

 Дәурен Ерболат 06.12.2023 | 17:45
Фото: Shutterstock

Елімізде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. Қызылша жұқтарғандардың саны азаяр емес. Бұл туралы ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері Қазақстанда 20 188 адам қызылша жұқтырды. Оның 81%-ы – балалар. Мұнда 10 жасқа дейінгі 16 351 бала ауру жұқтырған. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында (3,4%) аурудың 706 дерегі, ересектер арасында (15,4%) 3 131 дерек тіркелді, - деді Манар Смағұл ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол аурудың қай өңірлерде өршіп тұрғанын атап өтті.

Қызылша жұқтырудың ең көп дерегі Шымкентте – 3 069 жағдай, Алматы қаласында – 3 010 жағдай, Жамбыл облысында 2 724 жағдай тіркелді. Содан кейін тізімде Маңғыстау (1 701 дерек), Алматы (1 812 дерек), Атырау (1 377), Ақтөбе (1485), Қызылорда облыстары (1 182 дерек) бар. Күн сайын Қазақстанда қызылша ауруын жұқтырудың 350-ге дейінгі дерегі тіркеледі. Олардың басым бөлігі – ауруға қарсы вакцина алмаған балалар. Еліміз бойынша екпе алмаған балалардың үлесі – 83,6% (13 670 жағдай), - деді орталықтың басқарма төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама